Ғылыми-эксперименттік корпус
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Түркістан облысы Шәуілдір ауылында ғылыми-эксперименттік корпусы бар
Отырар қаласын зерттеу тарихы көптеген белгілі кеңестік және қазақстандық археологтардың есімдерімен байланысты. ЮНЕСКО-ның «Ежелгі Отырар қалашығын сақтау және қалпына келтіру» жобасын (2001-2004 жж.) жүзеге асыру барысында, ЮНЕСКО-ның қаражатына 2002 жылы ғылыми-эксперименттік корпус салынған. Жоба 2004 жылы аяқталғаннан кейін, Археология институты бірнеше жыл бойы Отырар қаласында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, «Отырар және Отырар оазисінің тарихи географиясы» (2006-2007 жж.), «Отырар оазисінің ирригациясын зерттеу» (2007-2008 жж.) және т.б.жобалар аясында зерттеулер жүргізді. 2009 жылы ғимарат Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының балансына берілді.
Корпус Шәуілдір ауылы, Қазыбек би көшесі, 18 мекенжайында орналасқан. Ғимаратта 18 бөлме бар, олар ғылыми қызметкерлердің тұруы мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған, асхана және ас үй, ішкі ауласы бар. Корпустың тағыда қосымша 20 сотық жер телімі бар.