1. Main
  2. News
  3. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Герман археологиялық институтының (DAI) корреспондент мүшесі атанды

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Герман археологиялық институтының (DAI) корреспондент мүшесі атанды
24 Nov 2024

Герман археология институтының (Deutsche Archäologische Institut) орталық дирекциясы Қазақстандағы археология ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлына корреспондент мүшесі атағын берді. Бұл беделді шешім Қазақстан археологиясының халықаралық ғылыми қауымдастықтағы маңызды рөлін көрсетеді.

Бұған дейін Герман археология институтының корреспондент мүшесі атағы Кемел Ақышев, Виктор Зайберт және Зейнолла Самашев сынды отандық археологтарға берілген болатын.

Анықтама:
Герман археология институты (Deutsche Archäologische Institut) 1829 жылы құрылған әлемдегі ең беделді археологиялық ұйымдардың бірі болып табылады. Институттың бөлімшелері Германияның (Берлин қ.) өзінде және Грекия, Египет, Иран, Испания, Италия, Йемен, Сирия, Түркия сияқты бірқатар елдерде орналасқан. Институт археология және мәдени мұра саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етеді.